Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17 жеңіс, оның 12-сі нокаут) екінші орта салмақта (76,2 кг) бос тұрған WBO чемпиондық белбеуі үшін жеңілмеген даниялық Якоб Банкпен (20 жеңіс, 11 нокаут) кездеседі.
Жекпе-жек 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында өтеді. Кешті Primetime Boxing компаниясы ұйымдастырады.
Белбеу британдық Хамза Шираз Әлімханұлымен міндетті қорғаудан бас тартқаннан кейін бос қалды. WBO рейтингінде Жәнібек бірінші орында, ал Банк – үшінші.
Дереккөздер: Offside.kz, Sports.kz



