Факультеттің мақсаттары мен міндеттері

Мақсаттар

Мақсаттары мен міндеттері

Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы · Филология және спорт факультеті

Мақсат

Негізгі мақсатымыз

Дене шынықтыру және спорт саласында кәсіби қызмет атқара алатын, педагогикалық, жаттықтырушылық, ұйымдастырушылық және ғылыми-зерттеушілік құзыреттері қалыптасқан, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Міндеттер

Мақсатқа жету үшін

16В01401 – Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасын заманауи білім беру талаптарына сай жүзеге асыру.
2Білім алушыларға дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін, спорттық ойындар мен жеңіл атлетиканы, гимнастиканы, жүзуді, сауықтыру дене шынықтыруын және спорттық жаттығу негіздерін меңгерту.
3Теориялық білімді практикалық дағдылармен ұштастыру: мектептерде педагогикалық және өндірістік тәжірибе, өңірдегі арнайы орталықтарда дуальды оқыту.
4Студенттердің спорттық шеберлігін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін спорттық секциялар мен үйірмелердің жұмысын қолдау.
5Оқытушылар мен студенттердің университетішілік, өңірлік, республикалық және халықаралық жарыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарлар мен шеберлік сабақтарына қатысуын қамтамасыз ету.
6Отандық және шетелдік ЖОО-лармен академиялық ұтқырлық, тәжірибе алмасу, ғылыми-зерттеу жұмыстары және бірлескен спорттық жобалар бағытында ынтымақтастықты дамыту.
7ISO 9001:2015 сапа менеджменті жүйесі аясында білім беру сапасын тұрақты жетілдіру.

Білім. Спорт. Денсаулық. Кәсібилік.