Құрметті талапкерлер, студенттер және әріптестер!
Филология және спорт факультетінің ресми бетіне қош келдіңіздер! Факультетіміздің құрамындағы Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы дене шынықтыру және спорт саласында бәсекеге қабілетті, кәсіби білікті педагогтар, жаттықтырушылар және спорт мамандарын даярлайды.
Біз білім мен спортты, ғылым мен тәжірибені тоғыстыруды басты мақсат етеміз. Студенттеріміз теориялық білімді мектептердегі педагогикалық тәжірибемен, спорт секцияларындағы жаттығулармен және өңірлік, республикалық, халықаралық жарыстармен ұштастырады.
Факультетімізге келіп, спорттық шеберлікке, кәсіби дамуға және жаңа жетістіктерге бізбен бірге қадам басуға шақырамын!
Білім. Спорт. Денсаулық. Кәсібилік.
— Н.К. Айтбаева, Филология және спорт факультетінің деканы